Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шаралар
11 қыркүйек күні 4 сыныптарда " Қазақ хандығына 550 жыл" атты тақырыбында атаулы мерекеге орай қазақ халқының басын біріктірген ұлы хандардың даналығын, көреген көсемдігін, халықтың қамын жеген парасаттылығын, ғұламалылығын, батырлығын оқушыларға дәріптеу, қазіргі таңдағы 23 жылдық тарихы бар тәуелсіз еліміздің туын берік ұстап, елдің өсіп, өркендеуіне үлес қосар, білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақтар ұйымдастырылды. 4"А" сынып жетекшісі Каирова Гүлмира Сакеновна, 4 "Е" сынып жетекшісі Акатаева Айнаш Думашевна,4 "Д" сынып жетекшісі Рамазанова Ғалия Табылдиновна ашық сабақтарында оқушыларды қазақ хандығы мен қазақ халқының тарихымен таныстыра отырып , сабақта тақырыпқа байланысты презентациялар мен көрнекілер қолданды.