№ 22 ЖОББМ-не халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы есімі берілді
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Павлодар қаласының №22 ЖОББМ-не
халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы
есімі берілді
«Жақсының аты өлмейді» демекші елімізде де Бауыржан Момышұлы атындағы мектептер ашылып, жас ұрпақты ұлттық патриоттық рухта тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай №22 мектебіне Қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы батырдың есімі берілді. Соңымен қатар 8 мамыр күні мектепте Ұлы Жеңістің 70 жылдығына және Ұлы Отан соғысының даңқты батыры Бауыржан Момышұлының аты иегері болуына орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденқызы құттықтау сөзімен ашты. Жиынға келген ҚР ардагерлер ұйымының өкілдері, ұстаздар, ата-аналар, «Жас Бауыржаншылар» мүшелері. Салтанатты жиынға «Евразия 1» мен «Қазақстан-Павлодар» арналарының өкілдері келіп, келген қонақтардан, ұстаздардан, оқушылардан сұхбат алды.