Бүгін елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке Қазақстанда былтырдан бастап атап өтіліп келеді. Оны бекітуді ұсынған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі болатын.
1 наурыз – Қазақстан Республикасы Ассамблеясының құрылған күні. Президенттің айтуынша, жыл сайын дәл осы күнді елімізді мекен ететін барлық ұлттар мен ұлыстардың бір-біріне, оларды туғанындай бауырына басқан қазақтарға алғыс айтатын күні ретінде атап өтсек әділетті болады екен. «Солай біз бір-бірімізге жақындай түсер едік. Бұл күн қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімінің, достығының, сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болсын», - деді сонда Президент.
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ "Алғыс айту күні" аталып өтті. Аталмыш мерекеде мектеп дәлізінде "Алғыс айту күніне" арнап плакат ілініп, мектеп оқушылары, ұстаздар, ата-аналар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді.
Қазақстандықтарды осы ғажайып мерекемен шын жүректен құттықтаймыз. Оның үстіне, табиғат құлпырып, күн сәулесі жанды жадырататын көктемнің алғашқы күні атап өтілетіндіктен, біз бұл күнге ерекше қуаныштымыз!