Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Мектпке жол" акциясы басталды
14-08-2017 07:23

2017-2018 оқу жылы қарсаңында 1 тамыздан басталып, 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» акциясы «Балаға мейірім сыйла» үндеуімен өтеді.

Акцияның жұмысы әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету және барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта біліммен қамтамасыз етуге бағытталады.

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына оқулықтар, киім-кешек алып беруге және оқу жылы барысында ыстық тамақпен қамтуға бюджеттен қаржы бөлінеді. Алайда, бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасының қажеттілігін толықтыра алмайды. Сіз де оларды мектепке дайындауға және киім, аяқ-киім, спорт киімдерін, оқу құралдарын алып беруге көмектесіңіз!

Мектебіміздің барлық азаматтарын өмірде қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балаларға көмек қолын созып, аталған іс-шараға бір кісідей ат салысуға шақырады!

АКЦИЯҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢІЗДІ ҚОСУ АРҚЫЛЫ БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ ЖҮЗІНЕ КҮЛКІ СЫЙЛАҢЫЗ!

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОН: 8(7182)342651