2017 жыл 7-8 қарашада Алматы қаласында , ҚР Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен, Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсында
Б. Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Нұрмағамбетқызы Жекеева өз авторлық жұмысын жоғары деңгейде қорғап бірінші орынды қанжығасына байлады.
Жалпы конкурсқа Қазақстан бойынша 276 ұстаз, соның ішінде Павлодар облысынан 23 педагог қатысты. Аталмыш байқауда жерлестеріміздің бесеуі «Өз ісінің маманы» аталымымен марапатталса, Алтынай Нұрмағамбетқызының еңбегі ерекше бағаланды.
«Аймақтану» бағдарламасында өлкеміздің кешегі мен бүгінгі тарихын ұштастырып, аймағымыздың ұлы тұлғаларын, әсем табиғатын, қаламыздың көрнектілігін зерттеді. Ендеше бүгінгі таңда білім беру саласының басты міндеті- өскелең ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы туған өлкесін сүюді, оны аялап қорғауды барынша насихаттап, үздік жұмыс жүргізуде.
Республикада үздік атанған ұстазымыздың еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз!
Бастауыш сынып ұжымы және оқу ісінің меңгерушісі Ракишева Ж.Е.