«Павлодар қаласының Б. Момышұлы атындағы № 22 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Павлодар қ., Шөкин көш., 27
342651, 344721
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Бір жылда3029785
Бір айда126662
Бір аптада35012
Кеше5795
Тәулік6427
«Сапалы білім, өнегелі тәрбие»
13-02-2018 18:38
«Сапалы білім, өнегелі тәрбие»

Рухани жаңғыру аясында Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып апталығы
«Сапалы білім, өнегелі тәрбие» тақырыбы аясында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру, сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту, жауапкершілікке, ұжымдылыққа тәрбиелеу, адамгершілік пен эстетикалық қатынасқа көңіл бөлу мақсаттарында жұмыстар атқарылды. «Жұлдызды сәт», «Алтын ұрпақ», «Мың бір жұмбақ», «Енші», «Аңшылық – ата кәсіп», «Жарқырай бер, Астана!», «Алтын сақа», «Рухани жаңғырудың жарқын жолы», «Білімді бала – ел ертеңі», «Аулақ бол жаман әдеттен», «21-ғасыр көшбасшысы», «Туған жер – туған тарих», атты интеллектуалдық ойындар мен тәрбие сағаттары өткізілді.
Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен, ұлы ағартушы Шоқан Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген. Азат, тәуелсіз мемлекетпіз, енді жүйелі білім беру міндеті ғана тұр. Бұл міндетті абыроймен атқару үшін күні-түні іздену, әлемдегі озық әдіс-тәсілдерді барынша мектеп өміріне ендіру – ұстаздар үшін парыз. Осы бағдарлама толық енгеннен кейін, оқушының білім деңгейінің көтерілуімен қатар, ұстаздар қауымының беделі бұрынғыдан да жоғарылай түсетініне нық сенім білдіреміз!

 

Бастауыш сынып мұғалімі

Жанаргуль Зорький