"Тіл жүйрікте кім жүйрік?" қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сайыс өтті
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өткен апталықта 8 "Д" сынып оқушыларымен "Тіл жүйрікте кім жүйрік?" деген атпен сайыс өтті. Бұл сайыстың мақсаты: оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамыта отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Сайысқа қойылған шарттың бәрі оқушылардың ойларынан шығып, жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен марапатталды.
Мәліметті әзірлеген - қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Р.С. Куниязова