"Ғарышкерлер күні" аталып өтті
Бауыржан Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ "Ғарышкерлер күні" аталып өтті. "Қазақтың үш қыраны" тақырыбында лездеме өткізіліп, мектеп ауласында "Зымыран ұшыру" сайысы жалғасын тапты. Бұл сайысқа 8-9 сынып оқушылары атсалысты. Сайыс барысында оқушылар "Зымыран" макетін кұрастырып, физика заңдарына сүйеніп, зымырандарын аспанға ұшыртты. Нәтижесінде, "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атанған командалар марапатталды. Атап өтсек, 1 орынды - 8 "А" сыныбы, 2 орынды - 9 "А" сыныбы, 3 орынды - 9 "В" сыныбы иеленді. Аталмыш сынып оқушыларын жеңістерімен құттықтаймыз!
P/s: Мерекелік іс-шараны өте жақсы деңгейде өткізгендері үшін физика мұғалімдері Молдабаева Г.Т. және Турдыбаева Г.А. мектеп атынан алғысымызды білдіреміз.