Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ер есімі – ел есінде
20-04-2018 17:36
Ер есімі – ел есінде

     Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.
     Кеңес Одағының батыры, қаһарман Бауыржан Момышұлы атамыздың ерен ерлігін дәріптеу мақсатында 7 «Д» сыныбының қатысуымен №22 жалпы орта білім беру мектебінің «Әскери Даңқ» мұражайында «Қайырымдылық» көктемгі айлық акциясы (15.03.18-15.04.18) аясында «Ер есімі – ел есінде» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты оқушыларға Жеңіс шежіресі туралы мағлұматтар беру, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен Отан үшін опат болған ерлердің есімдерін дәріптеу, балалардың бойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, патриоттық тәрбие беру.
     Біздің елімізді, жерімізді қорғау үшін көптеген батырларымыз ерлік жасады. Қаһарман қыздарымыз Әлия мен Мәншүк, батыр ұлдарымыз Қашаған Жаманқараев, Жүнісбай Қайыпов, Ыбырайым Қалдыбаев сияқты ерлеріміз өз Отанын, жерін қорғауда ерлік көрсетті. Келер ұрпаққа үмітіміз зор, батыр аға-әпкелері сияқты Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарады деген сенімдеміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндері мәңгі болсын деп тілейміз.

Іс-тәжірибеші студент: Сәрсенбек Ажар
Б. Момышұлы атындағы №22 ЖОББМ