Көңілді тапқырлар клубы .
Желтоқсан айының 9-ы күні мектеп ішінде психолог А.Ж. Оразбаеваның ұйымдастыруымен 6-9 сынып оқушыларының арасында "Көңілді тапқырлар клубы" (КВН) атты ойынының 1-айналымы өтті. Бұл сайысқа 6 команда қатысты. Командалар 3 тур бойынша әзілдерін көрсетіп, 2-іріктеу кезеңіне жолдама алуға тырысты. Командалар өнерлерін жоғары деңгейде көрсете білді. 2-айналымға 4 команда өтті. Ерекше тапқырлықтарымен көзге түскен командалар: 9А сынып оқушыларының "Элвин и бурундуки" командасы мен 8 сынып оқушыларының "KZ Style" командасы.