"ОЖСБ-ға дайындық аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" атты семинар өтті
2019 жылдың 8 қаңтар күні №37 жалпы орта білім беру мектебінде "ОЖСБ-ға дайындық аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру" атты облыстық семинары өтті. Семинарды дайындаған ұстаздардың қатарында болған Бауыржан Момышұлы атындағы №22 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Касимова Қарлығаш Файзулловна "Организация и проведение внешней оценки учебных достижений в организациях среднего образования" атты баяндамасымен бөлісті.