2018-2019 оқу жылының 5 қаңтарыңда «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бастау алды. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акция басталуын мектепішілік линейкада жариялап, қайырымдылық поштасы құрылды. 5-6 кластарда «Жақсылық – жан шуағы», «Атаның сөзі, ақылдың көзі» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттар өткізілді. Акция аясында ата-аналар мен мектеп мұғалімдері киіммен, оқу-құралдарымен көмек көрсетуде.
«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бастау алды