Наурыз мерекесі қарсанында Бауыржан Момышұлы атындағы мектебінің 9-шы сыныптар ару қыздар арасында мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн арттыру, аруларымыздың бойына ұлттық салт-дәстүрді сіңіру және қазақтың әдет-ғұрыптарын насихаттауды мақсатымен "Наурыз Аруы-2019" атты керемет мерекелік байқауы өтті. Бұл байқауда бойжеткендер өнерлерін көрсетуге тырысты. Көрермендер олардың бірі өлең жолдарын мәнерлеп оқуымен тамсандырса, екіншілері мың бұралған биін тамашалады, ал үшіншісі қазақ халқының музыкалық аспабы қобызбен таңғалдырды. Соңымен қатар, қатысушылар сұрақ-жауаптар сайысында өз білімдерін көрсетті. Қол өнер бойынша аруларымыз қазақ халқының ұлттық оюларымен безендірілген бұйымдарың ұсынды. Нәтижесінде 9"А" сынып оқушысы Садыкова Аида 1-ші орынға ие болса, 9 "Г" сынып оқушысы Уразова Дана 2-ші орын, ал 3-ші орынды 9 "В" сынып оқушысы Камалова Индира жеңіп алды. Жеңімпаздар номинациялармен, сыйлықтармен марапатталды.
Наурыз Аруы-2019