ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ

Қазақстандық патриотизмді дамыту, өскелең ұрпақтың әскери дағдыларын дамыту мақсатында 2019 жылғы 13 - 17 мамыр аралығында Павлодар қаласының мектеп оқушыларының оқу - дала жиыны өткізіледі. Жиындарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 48 алғашқы әскери дайындық оқытушыларының сүйемелдеуімен 10 сыныптың 400 оқушысы қатысады.
Жиын Шарбақты ауданының «Лесная сказка» ЖШС-де өтеді, мұнда тұру және практикалық сабақтар өткізу үшін жағдай жасалған. 5 күн ішінде оқушылар әскери өмірге түседі.Жиында атыс және тактикалық дайындық, Қазақстан Республикасы Әскери қызмет жарғысын, топография және азаматтық қорғаныс бойынша практикалық сабақтар жоспарланған. Оқу-дала жиындарының қорытындысы бойынша оқушылар қорытынды баға алады.
Дәстүрлі түрде ауған-жауынгерлерімен кездесу жоспарланған, олар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, болашақ Отан қорғаушыларына тілек білдіреді.