"Kazakhstan Stars" ІІІ халықаралық хореография сайысының жеңімпаздары
![](/media/img/blogs/5ce1541237275.jpg)
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Алмагуль Уркеновна Ташева би үйірмесін жүргізеді. Шәкірттері жылда қалалық, облыстық, халықаралық деңгейде шығармашылық сайыстарымен фестивалдерінде жүлделі орындарға ие болады. Сонымен қатар, 19- мамырда өткен "Kazakhstan Stars" ІІІ халықаралық хореография сайысында "Шаттық" коллективі І орынға ие болды. 4 "Е" сынып оқушысы Қаир Айдана орта группасында "Малявки" атты эстрадалық биін орындап, І-орынға иеленді. Құттықтаймыз!!!