Ең үздік интерактивті сабақтар

Интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету мақсатында 2019 жылғы 1 ақпан мен 24 мамыр аралығында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Облыстық ақпараттық технологиялар орталығы облыс ұстаздары арасында «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялар интернет-фестивалін өткізді.
Фестиваль қортындысы бойынша мектебіміздін екі ұстазы жүлделі орындар ие болды. «Жаратылыстану–математикалық пәндер» бағыты бойынша Павлодар қаласының Б.Момышұлы ат. ЖОББМ физика пәні мұғалімі Гулмира Тельмановна Молдабаева жүлделі 2 орын, «Сабақтан тыс оқыту» бағыты бойынша Павлодар қаласының Б.Момышұлы ат. ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Нургуль Ахметбековна Жангазина жүлделі 2 орынды иеленді. Əлі де алар асулар көп болсын!! Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс жəне шабыт тілейміз !!Жеңістерінізбен шың жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ‼