ПАВЛОДАРДА ЕҢ АУҚЫМДЫ ШЕРУ ӨТТІ
Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде "Мейрімді жаз-2019" лагерь маусымы өз жұмысын бастады. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мектеп жанындағы "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің ашылуына байланысты "Қош келдің, Жаз!" атты мерекелік шара өтті. Осы күні Павлодарда Төменгі Жағажайда сағат 11.00-де Павлодар қаласында оқушылардың қатысуымен балалар және жастар музыкалық оркестрлері ансамбльдерінің ең ауқымды шеру өтті. Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ мажореткалары да белсенді қатысып, өздерінің шығармалылығың көрсете білді. Сонымен қатар, қалалық шеруде оқушысымыз Бекенова Назар сұхбаттасты.