Педагогикалық кеңесте үш тақырыпта баяндама оқылды:
- "Сандық және сапалық бақылау" тақырыбында математика пәнінің мұғалімі М.Т. Смагулова оқыды.
- Іс-тәжірибемен алмасу:
-Оқушылардың физикадан бақылауды бағалау өлшемі. (Физика пәнінің мұғалімі Молдыбаева Г.Т.)
- Химия пәнінен бағалауда интерактивтік тақтаны қолдану. (Химия пәнінің мұғалімі Ибраева О.Ж.)
Кеңес соңында С.С. Шарипова "Сабақта бағалау формасы" атты өте қызықты практикалық жұмыс жүргізді. Ұстаздар ұжымын 4 топқа бөліп, бағалаудың түрлері бойынша тапсырмалар берді.
Педагогикалық кеңес қортындысы бойынша мынандай шешімге келді:
- Бағалаудағы әдістемелік, жүйелік, жариялылықты сақтауды қамтамасыз ету.
- Әрбір оқушының өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейін қолдану.
- Мұғалімдер ғана емес, оқушылр мен олардың ата-аналары да мектепте бағаның қойылу шарттарын білгені жөн.
- Тақырыпты оқытуды жоспарлау кезеңінде мұғалімнің бағалау шарттарының мөлшерін анықтап, барлық мүделі адамдарды осы шарттармен таныстыру.
Педагогикалық кеңес өте мазмұнды, әрі қызықты өтті. Ұстаздар үшін кеңестің берері мол болды.