Бұл семинарда Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының профессор, доценттері алдағы уақытта қолданатын тәжірибелерімен алмасты.
Семинарды Мәдениет Министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары А.Г. Щегорцова ашты және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Ж.Ә. Нұршайықова жалғастырды.
Райхан Садвакасовнаның ойынша семинар өте мазмұнды, қызықты өтті. Бұл семинар тілдерді оқыту мақсатында компьютерлік анимация, грамматикалық тапсырмаларды, анимация көмегімен ұсыну жолдарын, тілдерді оқыту үдерісіне интернетті пайдалануды, білім мен біліктілікті педагогикалық моделі жөнінде дәріс берді.