
2019 жылдың сәуір айында Мәскеу қаласының А.С. Пушкин атындағы Орыс тілі Институтының ұйымдастыруымен «Что в имени тебе моём?» атты орыс халқының атақты ақыны А.С. Пушкинға арналған ІХ Халықаралық сайысы өтті. Бұл сайыстың шарты бойынша қатысушылар әр- түрлі жанрларда өнерімен білімдерін көрсете білді. Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Бейсенова Раушан Кенесбаевна эссе жанрында қатысып, ал 5 "Г" сыныпта оқитын оқушысы, Кабдуллов Нурали , Пушкинның тақпағын мәнерлеп оқып, бейнероликке жазып жіберді. Осы жуырда нәтижелерінің қорытындысы бойынша жеңімпаздары аңықталды. Сол тізімнің ішінде біздің мектептің қатысушылары Бейсенова Р.К. және 5 "Г" сынып оқушысы Кабдуллов Нурали, жеңімпаз атанды! Құттықтаймыз!