Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718-2)-67-08-96
Адрес: Город Павлодар, улица Академика Чокина 27
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 16.00-18.00 Четверг: 16.00-18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Майра Шамсутдинова атындағы мұражайды тамашалап қайттық!
20-01-2011 18:00

Қаңтар айының 18-і күні 5Б мен 5В сынып оқушылары Майра Шамсутдинова атындағы мұражайға барып қайтты. Мұражай меңгерушісі Үміт апай Майра әнші туралы толық мағлұмат берді. Әншінің киген киімін, қолданған ыдысын, ойнаған гармонін өз көздерімен көріп, мұқият тыңдаған оқушылардың қуанышында шек болмады.

Өткен ғасырдағы аты әйгілі қазақтың әнші қызы Майра маңындағы өнерлі адамдардың да аты аталып, оқушыларға көп әсер етті. Естай, Иса, Қажымұқан есімдерін естігенде, оқушыларда өз білгендерін айтып қалды. Қаламыздағы Естай атындағы мәдениет сарайы бар екенін оқушылар қуанышпен айтып берді. Мұражай ішіндегі экспонаттармен танысып болған соң, Үміт апайдың орындауында Майраның "Майра" әнің тыңдады. Оқушыларды апарған сынып жетекшілері Қ.Ғ. Абылғазинова мен Р.С. Куниязова және аға тәлімгер Н.А. Жангазина өз ризашылықтарын білдіріп, еңбегіне табыс тіледі.