Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт

За год | |
За месяц | |
За неделю | |
Вчера |
2019 жылдың 5- қазан күні мектебімізде Ұстаздар мерекесіне орай акт залында мерекелік концерт өтті. Оқу ордамыздың оқушылары сүйікті ұстаздарына арнап өлең оқып, әсем ән айтып, мың бұрала билеп мереке ұйымдастырды. Мектеп директоры Мамбетова Майра Кабиденовна әріптестерін кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, жаңа оқу жылында шығармашылық табыстар тіледі. Концерт соңында өткен оқу жылында жетістіктерімен көзге түскен ұстаздар мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.
Ән көңілдің ажары деп, әр ұстазымыздың көркіне ажар ұялатқан бұл концертке ұстаздар қауымы дән риза болды.