Күзгі демалыс – бұл әр мектеп оқушысы ансап күткен уақыт

Күзгі демалыс – бұл әр мектеп оқушысы ансап күткен уақыт, өйткені бұл оқу жылында демалуға арналған мүмкіндік. 29- қазанда біздің оқушыларымыз сынып жетекшілерімен бірге Облыстық Оқушылар сарайына барып, қызықты іс-шараларға қатысып оралды. 8"А", 9"В" сыныптар "Наше право быть людьми" атты тренингке қатысса, 4 "А" сынып оқушылары "Достастық қалашығы" шеберлік аланына қатысты. 30-ші қазанда 3 "Е",3 "З",3 "Ж" сынып оқушылары Көнілді старт спорттық ойынына белсенді қатысып, ІІ орынға ие болды!