2019 жылдың 31- қазан күні сағат 12.00 Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде ата-аналар қауымдастығы алдында №1 қоғамдық тыңдауы өтті. Күн тәртібінде 4 сұрақ қарастырылды. «Мектеп асханаларында оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру» тақырыбында әлеуметтік педагог А.Е.Сембі және «Мектепті материалдық және қаржылық қамтамасыз ету» жөнінде мектеп директоры М.Қ.Мамбетова мәлімет берді. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор, полиция капитаны Е.Д.Қалқанбеков ата-аналарды «ҚР әкімшілік Кодексінің баптарымен» таныстырып, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бірнеше мысалдар келтіріп, құқықтық кеңестер берді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.А. Бекмурзинова «Жаңартылған жоба аясындағы мектеп жетістіктері» оқушылар мен ұстаздардың олимпиада, ғылыми жобадағы жетістіктері, ҰБТ көрсеткіштері туралы айтып, мектептегі оқу-тәрбие үдерісіндегі кейбір мәселелер төңірегінде ата –аналармен пікір алысты. Сондай-ақ, жиналысқа келген ата-аналардың назарына «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі» туралы әлеуметтік ролик ұсынылды. Ата-аналар қауымдастығы қоғамдық тыңдаулардың өткізілуіне өз ризашылықтарын білдірді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: А. Х. Акбанова