«Жаратылыстану ғажайыптары» онкүндігі
Қазан айының аяғында «Жаратылыстану ғажайыптары» онкүндігі апталығында биологиядан 8 сыныптар арасында «Білгірлер жарысы» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Зиятерлік сайыстың басты мақсаты: оқушылардың биологиядан алған білімдерін қаншалықты білетіндігін тексеру. Сайыстың қортындысы бойынша 8 А сыныбы – І орын, 8 Б – ІІ орын ,8 В – ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар, «Биология» ашық тәжірибе алаңы көрсетілді. Бұл жерде дайын препараттарды микроскоп арқылы оқушыларға тамашаланды. Фитошай алаңында дәрумендерге бай шай ұсыну, денсаулық алаңында бойы мен салмағын өлшеу, экологиялық алаң Экобум акциясының жалғасын көрсетті. Оқушылар мен ұстаздар өткізілген іс-шарадан бірқатар мағлұматтар алды.