Жас көмекшілер
2020 жылдың 17 -қаңтарында Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9 "Б" және 9 "Г" сынып оқушылары мектеп тәлімгері Н.С. Айдархановамен бірге жалғызбасты қарт адамдарға көмек беруде мектебімізге қарасты ардагерлер төрайымы Венера Хучатовнаның үйіне барып қайтты. Балалар үйін тазалап, төсеніштерін қағып берді. Қарт әжей оқушыларға дән ризашылығын білдіріп, ақ батасын беріп, өзінің жұмысы жайлы қызықты жайттар айтты.