Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қыз өссе –елдің көркі» өнеге сағаты
26-01-2020 10:32
«Қыз өссе –елдің көркі» өнеге сағаты

     «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында     «Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ-де» Облыстық Ақсақалдар Кеңесі жанындағы  «Ақсақалдар тағылымы»  ҚБ мүшелерінің қатысуымен «Қыз өссе –елдің көркі» деген тақырыпта  өнеге сағаты өткізілді. Аталған шараға оқушы қыздар, мұғалімдер мен педагогикалық колледж бен педагогикалық университеттің іс-тәжірибеде жүрген студенттері қатысты.         Бүгінгі таңда зейнет жасында болса да, жас ұрпаққа ұлағатты сөз айтып, ұлттық тәрбие құндылықтарын сіңіре білген Қ. Әбусейітов атындағы «Сағым жылдар» ансамблінің төрайымы Елеукенова Бақытжамал Тұманқызының  қазақ оюларының сыры мен ұлттық әшекейлер жайында айтқаны, Шәкенова Сағила Уәлиханқызы әжеміздің   қыздардың ұлттық бас киімдерінің ерекшеліктері туралы тартымды әңгімесі, Батырханова Қазигүл Батырханқызы шырқаған Естайдың «Жайқоңыр» әні – бәрі оқушылар үшін зор тағылым болды.  Іс-шара соңында  қатысушылар қажы апамыз  Бақытжамал Тұманқызынан бата алды.   «Ақсақалдар тағылымы»  ҚБ –не мектеп әкімшілігінің алғыс хаты табысталды.