«Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОББМ» Облыстық Ақсақалдар Кеңесі жанындағы «Ақсақалдар тағылымы» Қоғамдық Бірлестігімен ынтымақтастық орнатып, оқушыларға рухани-танымдық, ұлттық тәрбие беруге бағытталған бірқатар іс-шараларды атқаруда. Сондай тағылымды шараның бірі - «Әжелер өнегесі» атты тәрбие сағаты. Аталған шараға –Қуат Әбусейітов атындағы мәдени-сауық орталығына қарасты «Сағым жылдар» әжелер ансамблінің төрайымы Елеукенова Бақытжамал Тұманқызы, ансамбльдің көркемдік жетекшісі Батырханова Қазигүл Батырханқызы және Жолдасова Айман Орынтайқызы 6-сынып қыздарына шаш өсіру тәрбиесіне қатысты ырымдар мен тыйымдар, шаш әшекейлерінің түрлері , ұлттық қолөнер жайында әңгімелеп берді. Ұрпақтар сабақтастығына құрылған өнеге сағатының бүгінгі таңдағы қазақ қызының тәрбиесінде алатын орны ерекше.
«Әжелер өнегесі» атты тәрбие сағаты өтті