Сенім телефоны
8(718-2)-67-08-96
email: momyshuly@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Шөкин көшесі, 27 үй
8(718-2)-67-11-77, 8(718-2)-67-09-06
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі: 16.00-18.00 Бейсенбі: 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы
21-08-2020 17:23
«Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы

     2020 жылдың 20 тамыз күні сағат 16.00-де Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде  ата-аналар жиналысы  өтті. Қатысқан ата-аналар саны - 1235

   Ата-аналар жиналысының мақсаты:коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету

Ата-аналар жиналысының күн тәртібінде 10 сұрақ қарастырылды.

  1. Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары.
  2. Оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау.
  3. Қашықтан оқыту: баланың іс-әрекетіжәне жұмыс орны.
  4. Қашықтан оқытупроцесіжүргізілетінбілім беру Интернет-платформасымен танысу.
  5. Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі.
  6. Баланың оқу режимі және демалысы.
  7. Баланы өздігіненоқуға қалай ынталандыруға болады?
  8. Интернетті қауіпсіз пайдалану үшін ата-аналарға балаларына үйрететін ережелер.
  9. Интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы  ережелерімен таныстыру
  10. Ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы.

Осы сұрақтар бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары  Акбанова А.Х. және Сибанбаева Б.А.  мәліметтер берді.

   1-4 «кезекші сыныптардың» жұмыс істеу ережелері 1-4 сынып ата-аналарына түсіндірілді.

  Егер мектеп қашықтан оқыту форматын жоспарласа, онда ата-аналарға форматты таңдау себебін, оның оқу ережесін, ерекшеліктерін және т. б. оқыту тұстары да айтылды.

  Қосымша білім беру ресурсы ретінде «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде, «ЕлАрна» телеарнасында орыс тілінде телевизиялық сабақтар ұсынылатын болады.

  Дәстүрлі (күндізгі) оқыту форматы оқытудың негізгі нысаны болып қалатыны ата-аналарға түсіндіріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде, мектеп біртіндеп әдеттегі дәстүрлі форматтағы  қызметін бастайтын болады.

 Балалар үшін мектеп формасының міндеттілігі сақталады. Сонымен қатар, 2020-2021 оқу жылында балаларға ыңғайлы, ұқыпты іскерлік стильдегі киімде сабаққа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

  Педагогтер сабақтарды/оқу сабақтарын сабақ кестесіне сәйкес өткізеді. Бағалау, кеңейтілген түсініктеме электронды/қағаз журналдарда жүргізіледі.

1) Синхронды форматтағы сабақ Интернет-платформада жүзеге асырылады. Синхронды форматта оқыту үшін тікелей трансляция үшін мұғалім оқу процесін асинхронды оқыту форматымен үйлестіре отырып, СанЕжН-ға сәйкес 10-нан 30 минутқа дейін сабақ бөле алады.Педагог кері байланысты электрондық журналдың мүмкіндіктері арқылы, электрондық журнал болмаған жағдайда – қолжетімді байланыс түрлері арқылы ұсынады.

 Асинхронды форматтағы сабақ педагогтің білім алушылармен Интернет-платформада қашықтан өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асырылады.Білім алушыларға кез-келген уақытта интернет-платформада орналастырылған немесе педагог өз бетінше жазған телесабақтарды немесе бейне оқулықтарды көруге мүмкіндік береді.

   Сонымен қатар,білім алушының оқу күнін ұйымдастыру,қашықтан оқыту кезіндегі баланың жұмыс орны ,   оқу тәртібі және демалысы, өз бетімен жұмыс жасауға және оқуға қалай ынталандыруға болатынын, ата-аналар балаларына Интернетті қауіпсіз түрде қарауды үйрететін ережелерді, интернеттегі балалардың жұмысын ата-ана бақылауы  ережелері,ата-ана мен баланың қарым-қатынас психологиясы сұрақтары қарастырылды.

 Жиналысқа қатысқан ата-аналардың  назарына бірнеше «Қашықтықтан  оқытуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жадынамалар», видеороликтер ұсынылды. Ата-аналар тарапынан  сұрақтар болған жоқ.