Бүгін, 18.03.2022ж., Павлодар сервис және тамақтану колледжі ұйымдастырған облыстық байқауға Жоғары сынып оқушылары кеңесі мен мектеп белсенділері қатысты.Байқау үш тапсырмадан тұрды: 1-ші – белгілі бір тағамға презентация дайындау; 2-ші тапсырма – Наурыз мерекесіне тақырыптық тағам дайындау, оған Окунев Александр қатысты; 3-ші тапсырма – әзірлеген бұйыммен таныстыру. Спикер10«в» сынып оқушысыДзюба Данилболды.
Байқау қорытындылары бойынша "Junior Skills - Pavlodar 2022" облыстық байқауының жеңімпазы 9«в» сынып оқушысыОкунев Александр атанды, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, 10 «в» сынып оқушысы Дзюба Данила «Үздік шешен» номинациясына ие болды. 9 «в» сынып оқушылары Ангелина Шеповалованы, Семен Семеновты, Никита Бузовскийді, 8 «г» сынып оқушылары Милана Каированы, Виктория Бойконы қатысушыларға қолдап көрсетіп, көмек көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз. Әлеуметтік педагог Ф.Ч. Меньщиковаға, сынып жетекшісі С.А. Импероваға алғыс білдіреміз.