«Кітап – асыл қазына» тақырыбында плакаттар байқауының қорытындысы
"Оқуға құштар мектеп" республикалық жобасы аясында мектеп кітапханасы ағымдағы жылдың 2 желтоқсанынан бастап «Кітап – асыл қазына» тақырыбында плакаттар байқауын өткізді. Мақсаты: кітап оқуға, плакат салуға деген қызығушылықты ояту, оны жаңа мазмұнмен толықтыру.
Аталған байқауға мектеп оқушылары белсене қатысты. Байқаудың қазылар алқасы қорытынды жасап, жеңімпаздарды анықтады:
Гран при – Ж.Мухамеджанова (7 «Ж» сынып)
1 орын – 5 «Б» сынып
2 орын – 5 «Д» сынып, 7 «А» сынып
3 орын – Ю. Зайцева (4 «З» сынып), 7 «Д» сынып, 9 «Ж» сынып
Сондай-ақ, байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар берілді
(4 «З», 5 «Ә», 5 «Ж», 6 «А», 6 «Ә», 6 «Г», 7 «Ә» 9 «Г»).