ПСИХОЛОГПЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ
3 сәуірде мектеп психологы Касенова С.С. 7-9 сынып қыздарымен «Қыздармен құпиялар туралы сөйлесейік» тақырыбында әңгімелесу өткізді. Мақсаты: жасөспірім қыздарға ерте жыныстық қатынастың салдары туралы білім беру; жыныстық азғындыққа, арсыздыққа, қолжетімділікке теріс көзқарасты қалыптастыру; пәктікке, адамгершілік тазалыққа деген оң көзқарас қалыптастыру. Іс-шара достық түсіністік жағдайында өтті, қыздар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру бойынша ұсыныстар алды.