31 –ші мамыр күні қазақ тілін деңгейлік оқытудың басты ұстанымдары мен талаптарын айқындай отырып,ұлттық құндылықтарды меңгерудің бағыт- бағдарын көрсетуге және тіл мен әдебиетті оқытудың тиімді әдіс- тәсілдерін ұсынуға арналған «ЖАҢА ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ:ОҚЫЛЫМ МЕН ЖАЗЫЛЫМДЫ ДЕҢГЕЙЛІК ОҚЫТУ» атты республикалық ғылыми- практикалық семинар өтті.
Республикалық ғылыми- практикалық семинарға деңгейлік оқулықтардың авторларымен бірге ОӘК апробациядан өткізген практик мұғалімдер де қатысты. Семинарда № 24 ЖОББ мектебінің мұғалімдері К.С. Смагулова мен У.Ж.Казыбаева 1-11 сыныптарына арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен ОӘК-нің көлемі мен құрылымы және мазмұнына тоқталды.
Конференция КР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Деңгейлік парадигмалар әдіснамасы: оқылым мен жазылым» атты гранттық жобасы»(№ АР 14869424) негізінде ұйымдастырылды.
Ғылыми-практикалық семинар