Республика күні қарсаңында Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясы сыныбының тұсаукесері өтті. Павлодар қаласының №24 жалпы орта мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Аурика Георгиевна Дяктың тікелей қолдауымен бірегей жоба жүзеге асырылуда. Бастамашы – «Ассамблея жастары» РҚБ Павлодар облысындағы өкілдігі.
Ассамблея сыныбының тұсаукесері мектеп шаңырағы астында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерін, құрметті азаматтарды, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерін жинады. Оқушыларды облыс басшылығы атынан Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Әзілхан Әбеуов пен Павлодар қалалық білім беру бөлімі басшысының кеңесшісі Гульсина Шинлярская құттықтады.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы сыныбы» жобасының негізгі мақсаты - жастар арасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, рухани бірлік пен ұлтаралық келісім идеяларын тарату, оқу-тәрбие ортасы арқылы жастардың достығы мен бірлігін нығайту және мектеп жастары арасында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын танымал ету.
Жобаны іске асырудың бағыттары:
1.Қазақстан халқының тарихи мұрасы – Павлодар облысындағы«Ассамблея жастары» тарихи-мәдени бірлестігінде қосымша тарих сабақтары; жоғары оқу орындарының ғалымдары мен магистрлерінің VIP дәрістері, тарихи оқиғалардың қатысушыларымен кездесулер.
2.Қазақ тілі – Бірлік тілі – «Insta Сөздік» облыстық шағын жобасын іске асыру; «Cөйле» тақырыптық кездесулерді өткізу.
3. Этномәдениқонақбөлме – Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облысындағы этномәдени бірлестіктермен танысу (Достық үйінде), этностық мерекелер өткізу.
4. Ақпараттық-коммуникативтік сауаттылық және MEDIA – интернеттегі ақпараттық мәдениетті арттыруға бағытталған тренингтер мен шеберлік сабақтарын, Қазақстан халқы Ассамблеясының тақырыптары бойынша блогингөткізу.