Өткен демалыс күндері Шахмат үйінде жылдам шахматтан Павлодар облысы кубогының 1-кезеңі өтті!
Жарысқа барлық жастағы 159 спортшы қатысып, мектебімізден 6 жас шахматшы өнер көрсетті!
2 «Ә» сынып оқушысы Бижанов Алимжан 9 ұпайдан 4 ұпай жинап, жалпы есепте 106 орынға ие болды.
3 «А» сынып оқушысы Бижанов Дамиль осындай нәтижемен жалпы есепте 107 орынға ие болды.
2 «Ә» сынып оқушысы Мырзатай Муслим9 ұпайдан 3 ұпай жинап, жалпы есепте 124 орынға ие болды.
3 «А» сынып оқушысы Амантай Ерасыл 9 ұпайдан 2,5 ұпай жинап, жалпы есепте 138 орынға ие болды.
2 «Б» сынып оқушысы Ладин Богдан осындай нәтижемен жалпы есепте 140 орынға ие болды.
3 «А» сынып оқушысы Жармухан Алихан мүмкін болатын 9 ұпайдан 1 ұпаймен жалпы есепте 154 орынға ие болды.
Балалар бар күш-жігерін салып, жүлделі орындарға ие болмаса да, баға жетпес тәжірибе мен жағымды эмоцияларға ие болды!
Алдағы уақыттатабыс тілейміз!