Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
“Жастар және заң”
06-03-2024 10:00
“Жастар және заң”

Павлодар облысының прокуратурасы “Зан керуені” науқанының аясында шет елдердің тәжірибесі негізінде құқық бұзушылықтардың алдын алу сапасын арттыру үшін “Жастар және заң” жобасын әзірледі. Бұл жоба өңір мектептерінде 2023 жылдан бастап іске асырылуда, ал Павлодар қаласында ол К.Мақпалеев атындағы және № 14 жалпы білім беретін мектепке бейімделді.

2024 жылы бұл жобаға №18,24,29 мектептер қосылды.

5 наурызда №24 ЖОМ базасында прокуратура, құқық қорғау органдарының қызметкерлері шақырылған алғашқы сабақ өтті.

Бұл жоба сабақты ойын түрінде өткізуді көздейді. Жобаға қатысушылар қылмысты немесе құқық бұзушылықты таңдап, рөлдерді ойнайды. Оқушылар судья, прокурор, тергеуші ретінде әрекет етеді.

Дайындық барысында 9 сынып оқушылары заңнаманы зерттеді, материалдар жинады, презентациялар дайындады, сценарий жазды, сонымен қатар Оңтүстік полиция бөліміне барды. Жоба балалар қылмысының деңгейін төмендетуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.