Сенім телефоны
8(7182)-20-42-05
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
“Ұлттық кітап” күніне орай ақынмен кездесу өтті
23-04-2025 10:12
“Ұлттық кітап” күніне орай ақынмен кездесу өтті

2025 жылдың 22 сәуірінде мектебімізде “Ұлттық кітап” күні аясында ерекше тағылымды шара өтті. Бұл күні 8-сынып оқушылары Павлодар өңірінің белгілі ақыны, Сапаров Ғабит Көпжасарұлымен кездесті.

Кездесу барысында оқушылар ақынның шығармашылығымен тереңірек танысты. Ғабит Көпжасарұлы өзінің әдеби жолы, кітапқа деген сүйіспеншілігі мен жастарды рухани байытудағы кітаптың рөлі туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Ақын өзінің өмірлік тәжірибесінен мысал келтіріп, оқушыларға шабыт беретін ақыл-кеңестерін айтты. Сонымен қатар, “Жұлдыздар маған қараңдар”, “Ең бақытты күн”, “Жалтырым менің, алтыным!” атты жарық көрген туындыларымен таныстырды.

Шара соңында оқушылар ақынға сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Кездесу жылы әрі шығармашылық рухта өтті, оқушылар көптеген әсер мен тың ой алып қайтты.
#Abay_180_challengepvl
#Абай 180_челлендж_пвл #кітапкүні2025 #ұлттықкітапкүні2025