Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
“Ұлттық кітап күні” аясында
23-04-2025 10:14
“Ұлттық кітап күні” аясында

22 сәуір күні, “Ұлттық кітап күні” аясында мектебімізде “Абай әлемі” атты танымдық-интерактивті викторина ұйымдастырылды. Шараға 6 “Д” сынып оқушылары белсене қатысты.

Викторина барысында оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін сынап, топпен жұмыс жасау, логикалық ойлау және шапшаң жауап беру қабілеттерін көрсетті. Әр кезең қызықты сұрақтармен, көркем иллюстрациялармен және ойластырылған тапсырмалармен толықтырылды.

Шара оқушылардың Абай мұрасына деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық рух пен белсенділікті дамытуға үлкен үлес қосты.
#Abay_180_challengepvl
#Абай_180_челлендж_пвл #кітапкүні2025 #ұлттықкітапкүні2025