Халықаралық балаларды қорғау күніне орай
2025 жылдың 30 мамыр күні Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру барысында Павлодар қаласының N 24 орта мектебінің 7 “а”, 7 “ә”,7 “б”сынып оқушыларының қатысуымен “Балалар біздің болашағымыз!”атты дөңгелек үстел өтті. Болашақта Отанымыздың болашағы қандай болу керек және өздері қандай үлес қосатыны туралы оқушылар өз ойларын ортаға салды. Қағаз бетіне өз ойларын, жоспарларын суреттеп көрсетті. Келешекте Қазақстанның болашағы жарқын болатынына сенеміз.
