«Тәрбие тұғыры»
2 маусым күні «Тәрбие тұғыры» киіз үй лагерінде танымдық іс-шара өтті!
Қатысушылар киіз үйдің құрылымы мен жабдықтарымен танысып, шаңырақ, уық, кереге, туырлық, түндік сияқты бөліктердің атауларын жаттап қана қоймай, олардың тарихи-маңызын терең ұғынды.
Киіз үй арқылы ата-бабамыздың даналығы мен бірлікке құрылған өмір салты кеңінен таныстырылды.
