Қазақстан Республикасының Рәміздер күні
Бүгін – Қазақстан Республикасының Рәміздер күні!
Бұл күні біз еліміздің рәміздері – Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымызды атап өтеміз. Олар біздің тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және ұлттық идентитетіміздің символы болып табылады.
Осы мерекеге орай мектебімізде оқушылар, ата-аналар мен ұстаздардың қатысуымен «Менің Туым-Менің мақтанышым» атты флешмобы өтті.
Бүгінгі күні әрқайсымыз өз еліміздің рәміздерін мақтан тұтып, олардың маңыздылығын ұмытпайық. Қазақстанымыздың жарқын болашағы үшін бірлесе жұмыс істейік!
