Павлодар қаласының № 24 жалпы орта білім беру мектебінде 2011 жылдан бері бастап, Әкелер конференциясы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Әке – өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті жалғап тұрған алтын көпір. Ол – бала тәрбиесіндегі басты тұлға, елжандылық пен жауапкершіліктің үлгісі.
«Сіз – таудың шыңысыз, Әке», «Әкешім – баға жетпес байлығым», «Әке – шаңырақтың тірегі» тақырыптарында өткен бұл іс-шаралар әкенің отбасындағы және қоғамдағы рөлін айқындайды.
Конференция барысында патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтар мен өнегелі әкелік үлгіге ерекше мән беріледі.
Жыл қорытындысында белсенді әкелер Алғыс хаттармен және арнайы номинациялармен марапатталады.
Әр баланың: «Мен әкемді мақтан етемін» деп айтуы — бұл іс-шаралардың басты жетістігі.
