«Адал азамат» бағдарламасы аясында
Павлодар қаласындағы № 24 жалпы орта білім беретін мектепте білім сапасы оқыту мен тәрбиенің біртұтас үдеріс ретіндегі жүйелі жұмысының нәтижесі ретінде қарастырылады.
«Адал азамат» бағдарламасы аясында оқушылардың жауапты, адамгершілігі жоғары және әлеуметтік белсенді тұлға болып қалыптасуына бағытталған жобалар мен іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға, құқықтық мәдениетті дамытуға және өз таңдауы үшін жауапкершілікті сезінуге бағытталған сынып сағаттары мен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
