Сенім телефоны
8(7182)-20-42-05
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Әке, ана, бала – ең үздік команда»
21-02-2026 10:51
«Әке, ана, бала – ең үздік команда»

2026 жылғы 20 ақпанда М.Әлімбаев атындағы ЖОББМ базасында Павлодар қаласының білім беру бөлімі бастамасымен және №24, №25, М.Әлімбаев атындағы және М. Әуэзов атындағы мектептері қатысуымен «Әке, ана, бала – ең үздік команда» атты отбасылық волейбол турнирі ұйымдастырылды.

Турнирдің мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту және бұқаралық спортты дамыту.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда «Әке, ана, бала – ең үздік команда» кубогімен марапатталып, жүлдегерлер І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.