Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-20-42-05
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
«Сегіз қырлы, бір сырлы» атты онлайн-байқауының басталуын жариялаймыз!
02-03-2026 21:38
«Сегіз қырлы, бір сырлы» атты онлайн-байқауының басталуын жариялаймыз!

8-наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Сегіз қырлы, бір сырлы» атты онлайн-байқауының басталуын жариялаймыз!

Байқаудың мақсаты:
Мектептің әйелдер қауымын басқа қырынан танып білу. Қазақтың ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрін, қолөнерін дәріптеу. Мектеп қызметкерлері арасындағы ұйымшылдықты нығайту.

Байқаудың талаптары:
1. Байқауға педагогтертер ғана емес, мектеп қызметкерлері қатыса алады.
2. Байқау 2026 жылдың 24 ақпаннан – 5 наурыз аралығында өтеді.
3. Педагогтың бейнеролигі 2026 жылдың– 1 наурызына дейін қабылданады;
4. 3 наурыз күні кешкі сағат 19.00-де мектеп инстаграммында жарияланады.
5. Байқау –лайк пен комментарий жинау арқылы жүргізіледі.
6.Лайк пен комментарий (міндетті түрде) жазу – 5 наурыз күні сағат 18.00-де тоқтатылады.
7. Байқаудың қортындысы жиналған лайк пен комментарий бойынша 6 наурыз күні жарияланады
8. Байқауда педагог өзі айналысатын өнер, шығармашылығы туралы бейнеролик дайындайды.
9. Байқау үш бағытқа бөлінеді:
І. Ас дайындау шеберлігі;
ІІ. Қолөнер шебері;
ІІІ. Шығармашылық бағыт.
10. Бейнероликте:
1) өзін таныстыру;
2) өз өнерін толық сипаттау;
3)жұмысының ретін, нәтижесін көрсету.
4)Көлемі -1-1,5 минут
Байқаудың марапатталуы:
Әр бағыттың жеңімпазы анықталады. Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары беріледі.
Номинациялар:
“Бес саусағынан бал тамған”
“Ата өнері- балаға мұра”
“Көрермен көзайымы”
Төмендегі телефон нөмірі бойынша ватсапта қабылданады: 8776 020 7182
( Солтанова Ризаш Жасулановна)
1) Бейнеролик
2) Өзі туралы қысқаша мағлұмат: аты- жөні, пәні , қатысатын бағыт түрі , өнер атауы , неше жыл айналысады.