Көрісу күні
13 наурыз күні Көрісу күні мерекесіне орай Мұхтар Әуезов атындағы мектебіміз №24 КММ орта мектебіне барды. Бұл жарқын мереке – жаңарудың, достықтың және ұзақ қыстан кейінгі жылы жүздесудің белгісі.
Мұғалімдер бір-бірін жылы қарсы алып, ақ тілектері мен құттықтауларымен қуантты. Кездесу барысында әсем әндер шырқалып, баршаға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара достыққа толы, күлкі мен бірлік рухы сезілген жылы атмосферада өтті.
Осындай кездесулер мәдени байланысты нығайтып, ұлттық дәстүрлерді сақтауға ықпал етеді.
Көрісу күні мерекесі әр шаңыраққа береке, бірлік пен амандық әкелсін!
