Қарттар күніне арналған тағылымды іс-шара
1 қазан күні мектебімізде Қарттар күніне арналған тағылымды іс-шара өтті. Оқушыларымыз ардақты қарттарға құрмет көрсетіп, ізгі тілектері мен жүрекжарды лебіздерін жеткізді.
Қарттарымыз – елдің қазынасы, отбасының берекесі, кейінгі ұрпаққа жол көрсетер асыл жандар. Олардың өмір жолы мен өнегесі – біз үшін баға жетпес мұра.
Барша қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық пен бақ-береке тілейміз!
