«Жастар мен junior» жобасы
«Ел жастары» РҚБ-ның жаңа «Жастар мен junior» жобасына қатысушылар үшін Достық үйіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияны Павлодар облысы этномәдени бірлестіктерінің «Ел жастары» жастар қанатының төрағасы Р. Р. Смаилов өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар Достық үйінің қызметімен танысып, оның құрылу тарихы мен негізгі жұмыс бағыттары туралы ақпарат алды.
Экскурсия барысында қонақтарға акт залы мен конференц-зал, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің кабинеттері көрсетілді. Қатысушылар этномәдени бірлестіктердің қызметі, жүзеге асырып жатқан жобалары, жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуы және ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени мұраны сақтауға бағытталған жұмыстары туралы мағлұмат алды.
