Мектебімізде инклюзия кабинеті ашылды!
Бүгін мектебімізде әрбір баланың қолдау табуына, дамуына және табысты білім алуына мүмкіндік беретін инклюзия кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Бұл – әр оқушы өз қабілетін ашып, қолдау сезініп, өз күшіне сенуді үйренетін ерекше кеңістік.
Инклюзия – тең мүмкіндік, өзара құрмет, қабылдау және әрбір баланың әлеуетіне сенім білдіру.
Осы маңызды кеңістіктің ашылуына үлес қосқан барша жанға алғысымызды білдіреміз!
Жаңа кабинет мейірімділік пен ізгілік мекеніне, жаңа жетістіктер мен кішкентай жеңістердің ордасына айналсын!
