«Күз ханшайымы – 2026»
15 қазан күні мектебімізде 5-сынып оқушылары арасында «Күз ханшайымы – 2026» атты күзгі бал өтті!
Қатысушылар өздерінің әсем киімдерін, сымбатты жүрісін және жұптық билерін ұсынып, күз мерекесіне ерекше сән берді.
Байқау қорытындысы:
Бас жүлде — Дударь Дария, 5 «Г» сыныбы
I орын — 5 «Д» сыныбы
II орын — 5 «Ә» сыныбы
III орын — 5 «А» және 5 «Е» сыныптары
Барлық қатысушыларға, сынып жетекшілеріне және ата-аналарға қолдау көрсетіп, мерекені ұйымдастыруға атсалысқандары үшін алғыс білдіреміз!
